Қоғам

Алдағы күндері қар жауып, көктайғақ болады – синоптиктер

© Sputnik Астанада көктайғақ
Астанада көктайғақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
«Қазгидромет» РМК 7-9 қараша аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. 

Синоптиктердің болжамынша, күздің соңғы айында бірнеше облыста тұман мен көктайғақ жиі болады.

Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы
«Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Атмосфералық ағымдардың өтуінен ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік аумақта қар жауып, кей жерлерде бұрқасындатады, желдің жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы қалыпты нормаға жақын, ал батыс пен оңтүстікте 2-5ºС жоғары болады», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.


Жаңалықтар
0