АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанда кей жерлерде жауын-шашын түсіп, батыс пен солтүстік-батыста ғана жауын-шашын болмайды, деп хабарлады Қазгидромет.
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні – 15-20 м/с.
Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні — 15-20 м/с.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, Қостанай және Павлодар облыстарында кей жерлерде көктайғақ.