Экономика

Қаржы министрі жемқорлыққа ең бейім саланы атап көрсетті

© Sputnik / Болат ШайхиновЖемқорлық
Жемқорлық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның қаржы министрлігі жемқорлықа ең бейім саланы атап көрсетті

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Жемқорлық ең бейім сала мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы болып табылады, деп хабарлады Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

"Құқық қолдану тәжірибесі көрсеткендей, жемқорлыққа ең бейім сала – мемлекеттік сатып алудағы құрылыс саласы, ол жерде сұранымдарды жаппай қабылдамау себептері жобалық-сметалық іс-қағаздармен байланысты", — деді Сұлтанов мәжілістегі үкімет сағатында.  

Оның айтуынша, конкурстық іс-қағаз шектен тыс құжаттар санын талап етіп, ескірген әдістемені пайдаланады. Жемқорлыққа әкеліп соқпас үшін, министрлік құрылыс саласындағы сатып алулар бойынша жеткізушілерге қойылатын талаптарды жеңілдету жұмысын атқаруда, деп атап өтті Қаржы министрлігінің басшысы.

қаржы министрі Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Осындай жауап бола ма?! Нығматулин қаржы министріне шүйлікті

"Мемлекет басшысының 2017 жыл 31 қаңтардағы Жолдауын орындау мақсатында шығарылған заң жобасына тиісті түзетулер енгізілді. Жуық арада оны сіздердің қарауларыңызға ұсынуды жоспарлап отырмыз", — деп түсіндірді Сұлтанов.  

Дәлірек айтқанда, материалдық және еңбек ресурстары бойынша талаптар жойылатын болады, өйткені оны құрылыс жұмыстарын жүргізуге берілген лицензия растайды.

"Біздің пайымдауымызша, көрсетілген түзетулерді қабылдаған жағдайда құрылыс саласындағы мемлекеттік сатып алулар кезінде тапсырыс берушілер мен мемлекеттік аудит органдары тарапынан жемқорлық қаупі төмендейді", — деді министр.

Жаңалықтар
0