АСТАНА, 5 қараша — Sputnik. Елімізде желтоқсан айында екі мемлекеттік мереке аталып өтеді. Осыған орай қазақстандықтар қосымша үш күн демалады.
1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні, биыл бұл мереке жұмаға келіп тұр, сондықтан қазақстандықтар 1-3 желтоқсан үш күн қатарынан демалады. Бұл бес күндік жұмыс аптасына қатысты, аптасына алты күн еңбек ететіндер 2 желтоқсанда жұмысқа шығады.
Тәуелсіздік күнін Қазақстан халқы 16-17 желтоқсанда мерекелейді. Мейрам күндері биыл сенбі мен жексенбіге келіп отыр. Осыған байланысты мерекелік демалыс күндері келесі екі күнге көшіріледі. Осылайша қазақстандықтар 16-19 желтоқсан қатарынан 4 күн демалады.