Қоғам

Елімізде мерекелік даталардың тізімі бекітілді

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуГүл
Гүл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тізімге 46 мереке енген

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Қазақстан үкіметі 2018 жылға арналған мерекелік даталардың тізімін бекітті.    

Қаулы он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді, деп жазылған "Әділет" порталында. 

Қазақстан Республикасындағы мерекелік даталардың тізімі:

• 10 қаңтар — Қазақстан Республикасының Ұлттық гвардиясы күні  

• 1 наурыз — Алғыс айту күні  

• наурыздың екінші сенбісі  —Жерге орналастыру,  геодезия және картография күні  

• сәуірдің алғашқы жексенбісі  —  Геолог күні

• 12 сәуір — Ғылым қызметкерлерінің күні 

• 21 сәуір — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің күні  

• 21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні  

• 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні 

• Мамырдың соңғы жексенбісі  — Химиялық өнеркәсіп қызметкерлерінің күні  

• 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні  

• 5 маусым —  Эколог күні

• 23 маусым — Полиция күні

• 23 маусым — Мемлекеттік қызметкер күні 

• маусымның екінші жексенбісі  — Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні  

• маусымның үшінші жексенбісі —  Медицина қызметкерінің күні  

• 28 маусым — Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні  

• 2 шілде — Дипломатиялық қызмет күні  

• 13 шілде — Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының күні  

• шілденің екінші жексенбісі— Балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні  

• шілденің үшінші жексенбісі—  Металлург күні

• шілденің төртінші жексенбісі — Сауда қызметкерлерінің күні  

• тамыздың алғашқы жексенбісі — Көлік қызметкерлерінің күні 

• тамыздың екінші жексенбісі  — Құрылысшы күні  

• 18 тамыз — Шекараша күні  

• тамыздың үшінші жексенбісі— Спорт күні  

• тамыздың соңғы жексенбісі   —  Шахтер күні

• 1 қыркүйек — Білім күні  

• қыркүйектің алғашқы жексенбісі  — Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні  

• қыркүйектің екінші жексенбісі  — Отбасы күні  

• 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күні  

• 28 қыркүйек — Атом саласы қызметкерлерінің күні  

• 30 қыркүйек — Әділет органдары қызметкерлерінің күні  

• қыркүйектің соңғы жексенбісі  — Машина жасаушы күні  

• қыркүйектің соңғы жексенбісі  — Еңбек күні

• 6 қазан — Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні  

• қазанның алғашқы жексенбісі  — Мұғалім күні  

• 19 қазан — Құтқарушы күні  

• қазанның үшінші жексенбісі  — Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні  

• қазанның соңғы жексенбісі  —  Әлеуметтік қорғау жүйелері қызметкерлерінің күні  

• 29 қазан — Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні  

• 5 қараша  — Сыртқы барлау күні  

• 8 қараша —  Статистика күні

• 15 қараша  — Ұлттық валюта – теңге күні, ҚР қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі  

• қарашаның үшінші жексенбісі — Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні  

• 6 желтоқсан — Прокуратура күні

• желтоқсанның үшінші жексенбісі   —  Энергетика күні


Жаңалықтар
0