Өңірлер

Қостанайда арнайы операция барысында жедел уәкіл ұсталды

Жазылу
Жедел бөлімнің қызметкері 1,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді

АСТАНА, 4 қараша  — Sputnik. Қостанай қаласында Баймағамбетов – Гоголь көшелерінің қиылысында арнайы операция барысында жедел бөлімнің қызметкері ұсталды, деп жазды "Алау". 

Ер адам пара алды деген күдікке ілінді, ол сотталушыға жазаның өтелмеген бөлігін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға алмастырамын деп уәде берген.  

Долларды қалтасына жасырған адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Атыраудағы "Қазавтожол" бөлімінің басшысы парамен ұсталды
"2017 жылдың 3 қарашасында шұғыл іздестіру шараларын өткізу барысында Қостанай облысы қылмыстық атқару жүйелері департаментінің УК 161/11 жедел бөлімінің жедел өкілі М. УК 161/11 мекемесінде отырған сотталушы Т.-дан 1,5 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды", — деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның департаменті.   

Жедел уәкіл ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы ("Күдіктіні ұстау") негізінде Рудный ІІБ уақытша ұстау абақтысына жабылды.  


Жаңалықтар
0