Өңірлер

Атыраудағы "Қазавтожол" бөлімінің басшысы парамен ұсталды

© SputnikДолларды қалтасына жасырған адам
Долларды қалтасына жасырған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атыраудағы "Қазавтожол" бөлімінің қызметкері жол-құрылыс компаниясынан қомақты сомада пара талап еткен

АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. 13 қазан күні Атыраудағы "Қазавтожол" ҰК" АҚ бөлім басшысы пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісіне Атырау облысы прокуроры Ернат Сыбанқұлов. 

Прокурордың айтуы боынша, 2017 жылы 28 қыркүйекте облыстық ҰҚКД жергілікті тұрғын Л. есімді азамат келіп,  "Қазавтожолдың" лауазымды қызметкерлері тарапынан өз компаниясының облыстағы жолдарды жөндеу жұмыстарын жүргізуге қатысты түрлі жағдайларды алға тарту арқылы қысым көрсету фактісі туралы ақпарат береді.   

Облыстық прокуратура жарияланбаған тергеу амалдарын санкциялап,  нәтижесінде айтылған фактілер расталады.  Орындалған жұмыс актісіне қол қоюүшін мердігер компаниядан арадағы делдал арқылы  73 мың 300 АҚШ доллары көлеміндегі қомақты пара алғаны үшін "Қазавтожол" ҰК" АҚ бөлім басшысы К. есімді азамат ұсталады. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлімі (пара алу) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Облыстық прокуратура қылмыстық істің тергеу барысын өз ақылауына алды. 

 

Жаңалықтар
0