АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Қырғызстанның Бас прокуратурасы "Республика — Ата-Жұрт" парламенттік фракциясының басшысы, президенттікке бұрынғы кандидат Өмірбек Бабановқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас прокуратура тергеуге дейінгі тексерістердің нәтижесінде 28 қыркүйек күні президенттікке кандидат Бабанов сайлауалды үгіт-насихат барысында өзбек ұлты көп шоғырланған Оштағы "Әмір Темір" ("Он-Адыр") шағын ауданының тұрғындарымен кездескенін анықтаған.
"Бабанов халықтың өзбек бөлігінің дауысын иелену мақсатында өзбек ұлтының құқығы шектеліп жатқаны туралы пікір білдірді, ол елде ұлттық теңсіздік бар екенін, өзбек ұлтының өкілдеріне мемлекеттік органдар қысым көрсететінін айтқан, содан кейін оларды бұл жағдайға белсенді түрде қарсылық білдіруге шақырды", — деп атап өтті бас прокуратура.
Кешенді филологиялық-политологиялық сараптама Бабановтың бұл сөзі ұлтаралық өспенділікті тудыруға бағытталғанын, адамдарды билікке бағынбауға және оны басып алуға арандатқанын анықтады.