АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. Елорда полицейлері үш күн бұрын жоғалып кеткен қарағандылық журналист қыздың әкесі Арыстан Меңдібаевты тапты, деп хабарлайды Астана қаласы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамды іздеу жұмысына ІІД жеке құрама жұмылдырылған. Қазіргі таңда ер адам үйінде.
"Барлығыңызға көп рахмет! Қарағанды облысы ІІД, Астана ІІД, еріктілердің күш салуының, әріптестерімнің қолдауының арқасында әкем табылды. Аман-есен. Сәл болмағанда үсіп қалушы еді. Учаскелік инспектор Халел Тойшибаевқа арнайы алғыс айтамын. Барлығыңызға рахмет!!! Оны жеткізіп салған такси жүргізушісінен жауап алынып, ол іздеуге көмектесті ", — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жоғалған ер адамның қызы Дана Круглова.
Қарт ер адам Астанада 1 қараша күні жоғалды. Такси жүргізушісі оны Қарағандыдан елордаға жеткізіп салған. Оның қызы әлеуметтік желіде әкесін іздеп табуға көмек сұраған болатын.