АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Бір апта бұрын Қостанай облысында жоғалып кеткен ер адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды "Алау" порталы.
Меңдіқара ауданында аңшылыққа кеткен ер адам 8 қазан күні жоғалған. Оның жоғалғаны туралы жарияланған соң, полиция қызметкерлері іздеу шараларын жүргізді. Бірер күн бұрын құтқарушылар су түбін толық тексеріп шыққан еді. 14 қазан, сенбі күні аңшының денесі қамыстың арасынан табылғаны белгілі болды. Басқа мәліметтер белгісіз.
Сондай-ақ сенбі күні 42 жасар Бәйбек елді мекенінің тұрғыны Ольга Горбунованың денесі үйінен екі шақырым қашық жердегі батпақтан табылған болатын.