АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Қытай азаматы полицейге бағынбағаны үшін бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары мен бір топ Қытай азаматы арасындағы даудың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. Оқиға Алматы облысының Қорғас ауылында болған.
Облыстың ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше Панфилов ауданының полициясы ҚР ӘҚБКо 667-бабында (Құқық қорғау немесе мемлекеттік орган қызметкерінің талабына бағынбау) қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін ұсталған 41 жастағы ҚХР азаматы аудандық соттың шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды
Шешімді 2 қараша күні Қорғас ауылындағы көшпелі сот отырысы барысында судья Айсұлу Қоразбек жариялады.