АСТАНА, 2 қараша — Sputnik. Соңғы уақытта Қырғызстан тасымалдаушыларының Қазақстанның көлік заңнамасын бұзу фактілері жиілеп кетті, деп хабарлайды ҚР Инвестиция және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Министрлік хабарлағандай, бір тәулікте, яғни 1 қараша мен 2 қараша аралығында 149 қырғыз көлігін тексеру кезінде 16 заңбұзушылық анықталған.
"Атап айтқанда, халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді тасымалдауға сертификаттың болмауы, тауар-көлік құжатының (CMR) болмауы, жүк габариттерінің параметрлерін бұзу секлді фактілер анықталды", — делінген хабарламада.
Айыппұл мен алымдардың мөлшері 152 мың 303 теңгені құрады.
Министрлік заңбұзушылықтар бойынша ақпараттың Қырғызстанға жеткізілгенін хабарлады.