Қоғам

Тіл маманы жаңа қазақ әліпбиімен "ц" әрпі қалай жазылатынын айтты

CC0 / / Пернетақта
Пернетақта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Емле ережесі дайындалғаннан кейін, жазу жеңілдейді, деді Ардақ Бейсенбай.

АСТАНА, 1 қараша– Sputnik, Нұргүл Абай. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Еуразия ұлттық университеті қазақ тілі білімі кафедрасының меңгерушісі Ардақ Бейсенбай латын әліпбиінің апострофтық нұсқасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тіл маманы латын әліпбиінің дәйекше нұсқасы біріншіге қарағанда тиімді әрі ыңғайлы екенін атап өтті.  

Нурсултан Назарбаев подписывает закон РК. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Назарбаев латын қарпіндегі жаңа әліпбиді бекітті
"Бекітілген әліпбидің бірінші нұсқадан тиімді жағы анық көрініп тұр. Себебі қос әріптер жоқ. Қазір көбісіне дәйекшелерге байланысты дау туып жатыр. Барлығы сынауға дайын, көз үйренбегендіктен халық дүрлігіп жатыр. Алайда алдағы уақытта жаңа әліпбиге қатысты орфографиялық ережелер шығады. Кірме сөздер, қос, біріккен сөздер қалай жазылуы керек, мұның барлығы ережеде айтылады. Елбасы жарлыққа қол қойғанымен, бүгін көшіңдер деп тұрған жоқ. 2025 жылға дейін көшу керектігін айтты. Бұл уақыт аралығында кезең-кезеңмен шаралар өтеді. Емле ережесі әзірленеді. Бұған бір емес, бірнеше маман, әр өңірден филологтар, ғалымдар тартылуы тиіс. Компьютер мамандарын да шақыру керек. Себебі кейін мұны біз компьютерге саламыз. Ережеден кейін қорқыныштың бәрі басылады, халық арасындағы түсінбеушілік жойылады", — деді ол.

Ардақ Бейсенбай тиісті ереже дайындалғаннан кейін латын графикасында жазу жеңілдейді деген үмітте.

"Әрине, ережеден кейін жазу жеңілдейді деген ойдамын. 1940 жылы латын қарпінен кириллицаға ауысу туралы бұйрық шығып, бір жылдың ішінде газет-журналдарымыз кириллицаға ауыссын деген еді. Сол кезде де неше түрлі қиындықтар болды. Бірақ халық біртіндеп үйренді. Ал қазір бізге уақыт беріліп отыр. Ендігі кезекте филологтар, ғалымдар бірігіп, бір ереже шығаруымыз керек", — деді ол. 

Осы орайда тіл маманы "ц" әрпін жаңа әліпби бойынша қалай жазамыз деген мәселеге де тоқталды. 

"Азаматтарды "ц" әрпін қалай жазамыз деген сауал мазалап жүр. Менің айтатыным – бұл қазақ ұлтына тән дыбыс емес, бұл әріпті  t мен s, немесе  t мен h арқылы беруге болады", — деген А.Бейсенбай латын әліпбиіне көшу процесіне ұлт болып араласуымыз керектігін айтты.


Жаңалықтар
0