Қоғам

Назарбаев латын қарпіндегі жаңа әліпбиді бекітті

© Photo : Официальный сайт президента РКНурсултан Назарбаев подписывает закон РК. Архивное фото
Нурсултан Назарбаев подписывает закон РК. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрылады

АСТАНА, 27 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық Ақорданың сайтында жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

© Photo : Орталық коммуникациялар орталығыЛатын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі
Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі - Sputnik Қазақстан
Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі


Жаңалықтар
0