Қоғам

Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот талқылауы қашан өтетіні белгілі болды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы министр бірнеше рет пара алды, сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иеленді немесе талан-таражға салды деп айыпталып отыр

АСТАНА, 1 қараша– Sputnik.  Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот талқылауының күні белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының залынан.   

"Бишімбаевтың ісі бойынша басты сот талқылауы 2017 жылдың 7 қарашасы сағат 10-да Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтсін", — деді алдын ала сот тыңдалымында Әділхан Шайхисламов.

Экс-министрдің қорғаушылары соттан тергеудегі қателікке байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.  

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адвокат: Бишімбаев айыпты мойындамайды
 Қуандық Бишімбаев 2017 жылдың 12 қаңтарынан бері бірнеше рет пара алды, Қызылордадағы шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңгені қымқырды деген күдікпен қамауда отыр.   

Бұдан бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы баспасөз конференциясын өткізіп, Қуандық Бишімбаев 1,2 миллиард теңге көлемінде келтірілген шығынды мемлекетке өз еркімен қайтарғанын мәлімдеген болатын.  Алайда бұрынғы экономика министрінің адвокаттары бұл мәліметті жоққа шығарды.   


Жаңалықтар
0