Қоғам

Адвокат: Бишімбаев айыпты мойындамайды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы министрдің адвокаты Сәлімжан Мусин халық алдында сөз сөйлеп, кейбір бұқаралық ақпарат құралдарындағы деректердің жалған екенін айтты

АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Қаражат жымқырды деген айып тағылған ҚР ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ешқашан жағымсыз сөздер айтқан емес деп мәлімдеді адвокат Сәлімжан Мусин баспасөз мәслихатында деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бишімбаевтың адвокаттары БАҚ-тан кінәсіздік презумпциясын сақтауды сұрайды

Құқық қорғаушы түсіндіріп өткендей, баспасөз мәслихатын өткізуге БАҚ-дағы мәлімет себеп болған: онда Бишімбаев мемлекет басшысына жағымсыз сөздер айтқаны үшін қуғындалды деп жазылған.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Менің қорғалушым ондай әрекетке ешқашан бармағанын айтып отыр. Керісінше, барлық жасаған жақсылығы үшін Елбасыға алғысы шексіз екенін мойындайды. Біз бұл мақаланы Бишімбаевтың туған күні туралы интернеттегі жазбаларға жауап деп санаймыз. Ол жазбалар көпшіліктің ризашылығын тудырған еді, сол себепті әлдекімдердің алаңдаушылығына себеп болса керек. Сондықтан жағдайды ушықтыру үшін, Бишімбаевты мемлекет басшысына қарсы тұлға ретінде көрсеткісі келген болуы мүмкін", — деді Бишімбаев адвокаты БАҚ өкілдеріне.

Ол хабарлағандай, 2017 жылы 4 сәуірде Бишімбаевқа ақтық күдік келтірілген: ол аса ірі көлемде пара алып, сеніп тапсырылған мүлікті жұмсап жіберді деген күдікке ілінді. 5 сәуір күні сот алды талқылаудың аяқталғаны жарияланды.

"Пара алғанын растайтын нақты дәйектің жоқтығын сенімді түрде айта аламын. Туған-туыстарының үйлері қанашама рет тінтілді, бірақ қылмыс жасағанын дәлелдейтін негізгі айғақ жоқ", — деді Мусин.

Сәлімжан Мусиннің айтуынша, Қуандық Бишімбаев тергеу барысында да айыпты мойындамаған.

Жаңалықтар
0