Қоғам

Бишімбаевтың адвокаттары БАҚ-тан кінәсіздік презумпциясын сақтауды сұрайды

© Photo : Служба центральных коммуникацийҚуандық Бишімбаев
Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрінің қорғаушылары айтқандай, Бишімбаевтың айыбы сотта дәлелденуі тиіс

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Адвокаттар бұқаралық ақпарат құралдарынан Қуандық Бишімбаевқа қатысты айыптау материалдарын жарияламауды өтінді. 

ҚР бұрынғы ұлттық экономика министрінің қорғаушылары тілшілерге ескерткендей, Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс әлі тергелуде, сот алды өндіріс жүріп жатыр.

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қуандық Бишімбаев пара алды деген күдікпен ұсталды

"Соңғы уақытта Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлына қатысты тергеулер туралы материалдар бұқаралық ақпарат құраларында жиі жарияланып жүр. Бұлай өтініш жасауымызға айыптау сипатында жазылған жарияланымдар себеп болды. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексіне сәйкес, тұлға кінәсі дәлелденген жағдайда ғана жасаған ісі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еліміздің Конституциясында бекітілгендей, заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес айыпты деп танылғанша, тұлға жасалған қылмыстар үшін жазықсыз болып саналады", — делінген Бишімбаев адвокаттарының ресми өтінішінде.

Бишімбаевтың қорғаушылары бүкіл БАҚ-на "айыптау материалдарын жарияламай, аты шулы тақырыптардан бас тартуға" өтініш айтты. Сөз соңында Бишімбаев адвокаттары өз қорғалушысына қатысты істің әділ қаралатынына үміт білдірді.    

Жаңалықтар
0