АСТАНА, 1 қараша — Sputnik. Нью-Йорктегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
"Осы уақытқа дейін бар мəліметтер бойынша, Нью-Йорк қаласында жүк көлігі бір топ жаяу жүргіншілерді басып кетуінің салдарынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ.Қазақстандық дипломаттар осы ахуалды бақылауды жалғастыруда", — деп хабарлады Жайнақов.
Сейсенбі күндіз Манхэттенде қаскөй бірнеше көше велосипедшілер жүретін жолмен жүк көлігін айдап, жол бойы алдынан шыққандарды басып, одан соң мектеп автобусына соғылады. Осыдан кейін пейнтболға арналған қаруымен далаға шыққан жүргізушіге полиция оқ атады. Күдікті ауруханаға жеткізілген.