АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Түнде белгісіз білеулер Астана көшелерінің бірінде тұрған бірнеше көлікті бүлдіріп кетті. Полиция қазір оларды іздестіріп жатыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.
Оның айтуынша, полицияға түнде белгісіз біреулер бүлдіріп кеткен төрт көліктің иесі шағым түсірген. Көліктер Ақмешіт көшесінің бойында тұрған.
"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы "Өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", — деп хабарлады Қылышбекова.
Баспасөз қызметінің жетекшісі жедел-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.