АСТАНА, 29 қазан — Sputnik. Астанадағы аялдамалардың бірінің шынысын сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.
Оның хабарлауынша, бүгін таңғы төрт шамасында қаладағы бейнебақылау камералары Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі қоғамдық көлік аялдамасының шынысын сындырған ер адамды түсіріп алады. Полиция сол жерде 26 жастағы жігітті ұстап, Алматы ауданының ішкі істер басқармасына жеткізген.
"Ер адам аялдаманың жанынан өтіп бара жаты, оның шынысын жұдырығымен сындырады. Оның айтуынша, кешке ойын-сауық орындарының бірі арақ ішіп, әйелімен ұрысып қалған", — деді Қылышбекова.
Бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынше тергеу жүріп жатыр.