Оқиға

Шахтинскіде иттер адамның бас сүйегін тауып алды

© Sputnik / Болат ШайхиновБерель көрмесі
Берель көрмесі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастың жанынан басқа сүйектер табылған жоқ

АСТАНА, 26 қазан — Sputnik. Шахтинскіде адамның төбесі ойылған бас сүйегі табылды, деп жазады "Новый вестник" газеті. 

шөл дала - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Еліміздің оңтүстігінде далада жоғалып кеткен аңшының сүйегі табылды

Басылымның хабарлауынша, бас сүйекті бұрынғы темір бетон өнімдері зауытының аймағына иттер сүйреп әкелген.  Сүйекті күзетші әйел көріп қалған. 

Сүйектің төбесі ойылған. Күзетшінің айтуынша, оның шақыруымен 80-ге жуық полицей келіп, аумақты тексере бастаған. Басқа сүйектер табылған жоқ, 

"Иттер оны адамдарға көрсету үшін тауып алды деп ойлаймын. Әйтпесе, бұл иттер аш емес, тамағы бар. Бұл жерде адам көп жүрмейді, итсіз жүру қорқынышты. Бұл әйелдің сүйегі секілді, кішкентай екен", — дейді күзетші әйел. 

Қазіргі уақытта полиция адамның сүйегіне сараптама жасап жатыр. 


Жаңалықтар
0