АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Қызылорда облысының полиция қызметкерлері, болжам бойынша бір жыл бұрын аңға шыққан кезде жоғалып кеткен ер адамның өлу себептерін анықтауда, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Осыдан бұрын әлеуметтік желі пайдаланушылары адам сүйегінің суретін жариялаған. Sputnik Қазақстанға Қызылорда облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, сурет Қазалы ауданында түсірілген. Белгісіз ер адамның сүйегі 3 қарашада далада табылған.
Сот медициналық сараптама тұжырымына сәйкес, денесінде зорлықпен өлтіру белгілері анықталған жоқ, деп атап өтті полицияда.
"Денесін қарау кезінде киімінің қалтасынан Қызылорда облысының аумағында 2015 жылғы 19 тамызда аң аулау кезде хабар ошарсыз кеткен Қызылорда тұрғынының атына берілген жеке куәлік табылды", — делінген хабарламада.
Болған жағдай анықталуда.