Оқиға

Астанада ер адам танымайтын бойжеткенді пышақтап тастаған

© Sputnik / Табылды Кадырбековқолына пышақ ұстаған ер адамның суреті
қолына пышақ ұстаған ер адамның суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде қыз аман қалды

АСТАНА, 25 қазан — Sputnik. Танымайтын бойжеткенге тарпа бас салып, жеті рет пышақтаған ер адам 15  жыл 6 айға сотталды, деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Такси - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағандыда жас жігіт 63 жастағы такси жүргізушісін пышақтап кеткен

2016 жылы 3 желтоқсанда бұрын сотталған 42 жастағы ер адам танымайтын бойжеткенге бас салып, 7 рет пышақтаған.

Бойжеткен барынша күш жинап, көшенің қарсы бетіне өтіп, кездейсоқ өтіп бара жатқан адамнан көмек сұраған, ол полиция және жедел жәрдем  бригадасын шақырады. Дер кезінде көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде жәбірленуші аман қалды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ер адам ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 2-бөлігі 9-тармағына сәйкес кінәлі деп танылып, оған 15  жыл 6 айға  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Үкім заңды күшіне енді.


Жаңалықтар
0