Оқиға

Қарағандыда жас жігіт 63 жастағы такси жүргізушісін пышақтап кеткен

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақшасын төлегісі келмеген жас жігіт жүргізуші әйелді пышақпен жарақаттаған
АСТАНА, 20 ақп – Sputnik. Қарағанды тұрғыны ұрыс кезінде такси жүргізусі әйелді пышақтаған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Өткен жылдың қараша айында полицияға 63 жастағы такси жүргізушісінен хабар келіп түседі. Ол қаладағы аудандардың бірінде жеңіл көліктің ішінде жатқан жерінен табылған. Белгісіз біреу әйелді пышақтап кеткен. Полиция тергеу жұмыстарын бастап, облыстың ішкі істер органдарының бүкіл жеке құрамы күдіктіні іздеуге жұмылдырылады. Іздеу жұмыстары үш ай бойы жүргізіледі. Ақыры 16 ақпанда полиция қызметкерлері күдіктіні ұстайды. 

"Күдікті 22 жастағы қала тұрғыны, ол таксидің ақшасын төлеуге байланысты жүргізушімен арада ұрыс болып, әйелге пышақ салғанын мойындады. Осыдан кейін ол оқиға орнынан кетіп қалған", — делінген хабарламада. 

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау абақтысына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 

Жаңалықтар
0