Өңірлер

Қостанайда бір жасар сәби бесінші қабаттан құлап кетті

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтужедел жәрдем көлігі, архив суреті
жедел жәрдем көлігі, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Бір жыл үш айлық сәби Қостанайдағы қонақ үйлердің бірінде болған оқиға салдарынан көз жұмды. 

Жан сақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында 10 айлық сәби қатты күйіп қалды

Қайғылы оқиға  21 қазанда болған. Әуелі сәби баспалдақ арасына құлап кетті деп хабарланған еді, бірақ бүгін Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің орынбасары Екатерина Слободенюк сәбидің терезеден құлап түскенін айтты. 

"Бала бесінші қабаттан құлап кетті, — деді ол. – Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды. Сәби құлаған уақытта ата-анасы қайда болғаны белгісіз. Ашық бас сүйегі жарақатымен ауруханаға жеткізілген бала сол жерде шетінеп кетті". 

Қостанай облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.  


Жаңалықтар
0