Өңірлер

Қостанай облысында 10 айлық сәби қатты күйіп қалды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуЖан сақтау бөлімі
Жан сақтау бөлімі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бала жансақтау бөлімінде жатыр

АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Қатты күйіп қалған қыз бала 13 қыркүйекте Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды alau.kz 

Қостанай облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Игорь Белобржицкийдің айтуынша, он айлық қыз ауруханаға Әулиекөл ауданынан ауыр жағдайда жеткізілген. 

"Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың денесінің 40%-ы күйіп қалған. Ата-аналардың мұқият және абай болып, балаларын жақсы қарағаны жөн. Қайғылы оқиғаның салдары жаман болады", — дейді бас дәрігердің міндетін атқарушы. 

Еске сала кетсек, Қостанайда осыған дейін сегіз жасар ер бала күйіп қалған болатын. Қазір ол ауруханада жатыр. Бірер күн бұрын 10 айлық қыз ауруханада көз жұмды.

Жаңалықтар
0