Саясат

Путин Назарбаевты дипломатиялық қатынастың 25 жылдығымен құттықтады

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуВладимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев
Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей Президенті Ресей мен Қазақстан арасындағы саяси диалогтың қарқынды дамуын, оның ішінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, гуманитарлық және басқа да салалардағы жетістіктерді ерекше атап өтті

АСТАНА, 22 қазан — Sputnik. РФ Президенті Владимир Путин екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығымен құттықтап, Нұрсұлтан назарбаевтың атына жедел хат жолдады.

"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастың елеулі мерекесі – 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын ", — делінген Кремльдің сайтында жарияланған бұл хабарламада. 

Ресей президенті Владимир Путин сириялық келіссөздер жайында - Sputnik Қазақстан
Видео
Путин Назарбаевтың рөлі туралы: сириялық келіссөздің "беделді делдалы"

Ресей Президенті осы ширек ғасыр ішінде екі жақты қарым-қатынаста Ресей мен Қазақстан стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жоғары деңгейде жүргізе білгенін атап өтті.

Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа зор денсаулық пен табыс тіледі.


Жаңалықтар
0