Белгілі қазақстандық саясаттанушы Ерлан Қарин Сочидегі "Валдай" пікір-талас клубының отырысында Путинге сұрақ қойды. Қарин Астанадағы Сирия жөніндегі келіссөздерге Ресейдің көзқарасы қандай екеніне қызығушылық танытты.
"Кей сәтте президент Назарбаев келіссөздердің басында жанжалдасқан екі жақты ұстап отыруға өзіндік жауапкершілік алғанын атап өткім келеді", — деп мәлімдеді Путин Қариннің сұрағына жауап берген кезде.
Оның пікірінше, сириялық жанжалға қатысты Қазақстанның бейтараптылығын ескерер болсақ. Астана келіссөздер жүргізуге ең ыңғайлы алаң.
"Қазақстан Сириядағы жанжал реттеудегі беделді делдал ретінде рөл атқарады", — деп атап өтті Путин.
Ол дәл осы астаналық алаңда сирияаралық жағдайды реттеу барысында елеулі жетістіктерге қол жеткізілгенін де ерекше атап өтті.