АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Қостанайда көлік жуу бекеттерінің бірінің жұмысшылары BMW көлігін айдап әкетіп, күл-талқанын шығарған.
Қостанай облысы ішкі істер департаменті бапсасөз қызметі хабарлағандай, көлікті үш жас жұмысшы айдап әкеткен, олардың жасы 18-19-да. Олар Майлин және Дощанов көшелері қиылысында апатқа ұшыраған.
"Он тоғыз жастағы жігіт рөлге ие бола алмай, әуелі бордюрге, содан соң ағашқа соғылған", — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Жігіттер зардап шекпепті, автокөлік иесіне келтірілген шығын көлемі есептелуде.