АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин түрік әріптесімен келіссөз барысында сирилық дағдарысты реттеуге бағытталған Астанадағы келіссөздер процесінің тиімділігін атап өтті.
РИА Новости Кремль баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлағандай, телефонмен сөйлесу кезінде екі ел басшысы Сириядағы әскери қақтығыс туралы пікір алмасып, Астанадағы кездесулер аясындағы бірлескен жұмысқа оң баға берді.
Путин мен Ердоған 30-31 қазанда Астанада Сирия бойынша өтетін жетінші кездесудің басымдықтарын талқылады.