Саясат

Астанадағы Сирия бойынша жетінші кездесу 30-31 қазанда өтеді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуСирия
Сирия - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесуде тұтқындарды босату мәселесі қаралады

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Астанада Сириядағы ахуал бойынша келіссөздердің кезекті раунды 30-31 қазанда өтеді, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

"Қарулы қақтығысты тоқтату режиміне кепіл елдердің келісімі бойынша жетінші халықаралық кездесу Астаналық процес аясында 2017 жылы 30-31 қазанда өтеді", — делінген ресми хабарламада.

Келіссөздер барысында тұтқындар мен түрмедегілерді босату, қаза тапқандардың мәйітін беру және із-түссіз жоғалғандарды іздеу бойынша жұмыс тобы туралы ереже бекітіледі. Сонымен қатар, тараптар халықаралық терроризммен күрес мәселесін қарастырып, Сириядағы гуманитарлық минасыздандыру туралы біріккен мәлімдеме қабылдауды көздейді.

Жаңалықтар
0