Саясат

ҚР СІМ: Бішкек Қазақстанмен келісімнің күшін жою туралы жариялаған жоқ

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР Сыртқы істер министрлігі ғимараты
ҚР Сыртқы істер министрлігі ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу

АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстан СІМ Қырғызстанның Қазақстанмен болған бөлінген техникалық көмек туралы келісімнің күшін жоюға ниетті деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Біз бірқатар БАҚ беттеріндегі ақпараттардан Қырғызстан үкіметінің Қазақстанмен арадағы техникалық көмекті туралы келісімнің күшін жоюға ниетті деген мәліметтерге көңіл аудардық. Қырғыз елі тарапынан ресми ақпарат бізге келген жоқ", —делінген Қазақстанның сыртқы саясат мекемесінің хабарламасында. 

қазақ-қырғыз шекарасындағы көліктер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Атамбаев Қазақстан беріп отырған 100 миллион туралы: бізге ондай көмек керек емес
 

Оған қоса, бұл мәселе екі емлекеттің үкімет басшыларының 18 қазанда болған кездесуі барысында талқыланбады. 

Шілде айында Қазақстан 100 миллион доллар бөлу туралы келісімді ратификациялаған болатын. Бұл сома Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға қатысты шараларды жүзеге асыру үшін Қырғызстан тарапына беріледі. Бұл қаражат ЕАЭҚ кедендік шекарасының қырғызстандық бөлігіндегі кедендік инфрақұрылымды жақсартуға, Қырғызстанның санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық жүйесін ЕАЭҚ талаптарына сәйкестендіруге ұсынылатын болған еді.


Жаңалықтар
0