Экономика

"Бишімбаев ісі" бойынша милллиард теңге өтелді

Жазылу
23 күдікті адамның жиырмасы өз кінәсын мойындады, ал Бишімбаевтің өзі және оның ағасы өздерінің сыбайлас жемқорлыққа қатыстылығын мойындарына алған жоқ

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Ұлттық экономика министрлігінің бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша 1,2 миллиард теңге өтелді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро департаменті директорының орынбасары Талғар Серікбаев.

Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа берілді

"Бишімбаевке қатысты қылмыстық істі тергеу барысында мемлекеттік кіріске 1,2 миллиард теңге ерікті түрде қайтарылды", — деп мәлімдеді Серікбаев Астанада өткен брифинг кезінде. 
Ол келтірілген шығын толық өтелгенін, іс бойынша тергелген 23 адамның жиырмасы өз кінәсын мойындағанын айтты. 
"Бишімбаев кінәсын мойындаған жоқ, оған қоса тергеу барысында ол өзін қорғау мақсатында ешқандай түсінік айтпады, ешқандай дәлел келтірмеді. Оның ағасы Сұлтан Нұрлыбек және құрылыс компаниясының бір қызметкері де өз кінәсын мойынына алған жоқ. Ал қалған адамдар, Жақсыбаев, Жақыпов және  "Бәйтерек девелопмент" АҚ басқа да қызметкерлері, Бешімбаевтың қарамағында болған компаниялар мен құрылыс компаниялары өздеріне тағылған айыпты толығымен мойындарына алды", — деп хабарлады департамент жетекшісінің орынбасары Олеся Кексель.

Жаңалықтар
0