Қоғам

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа берілді

© Sputnik / Сергей Кузнецов / Медиабанкке өтуҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша толығырақ ақпарат тергеу барысына зияны тимес үшін таратылмайды

АСТАНА, 19 қазан — Sputnik. Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі бұрынғы басшысы Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа берілді.

Қуандық Бишімбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Адвокат: Бишімбаев айыпты мойындамайды

"14 қазанда Астана қаласының прокуратурасы қылмыстық істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотқа берді. Тергеу барысына зияны тимес үшін ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес қозғалған іс бойынша ақпарат таратылмайды", — деп мәлімет берлі Астана прокуратурасы баспасөз қызметі.

Қуандық Бишімбаев бірнеше мәрте пара алды, Қызылордадағы шыны зауытын салу кезінде 1 миллиард теңге қымқырды деген күдікпен 12 қаңтардан бері қамауда отыр.


Жаңалықтар
0