Өңірлер

Балаларын далаға қуып жіберген әйел ата-ана құқығынан айырылды

CC0 / ThePixelman / Қыз бала
Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көкшетау тұрғындары көшеде түнеп жүрген екі баланы видеоға түсіріп алған соң, шу шыққан

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Көкшетауда балаларын көшеге қуып шыққан әйел ата-ана құқығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Балалар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қызының мүрдесін өртеген әйел адамды ата-ана құқығынан айыру үшін бұрыннан бері іздеп келген

Тамыз соңында Көкшетау тұрғындары қала шетінде далада түнеп жүрген баларды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған болатын. Он жасар қыз бен оның сегіз жасар інісі ағаш тақталарға жатып, картон қағаз немесе жыртық-жамау маталарды жамылып жүрген. 

Ювеналды полиция хабарлауынша, отыз бір жастағы әйел ішімдікке салынып, педикулезге шалдыққан балаларға қарамай кеткен, ал үйі жезөкше қордасына айналған. Учаскелік инспектор мен әлеуметтік қызмет тағы екі баласы бар әйелге бірнеше рет ескерту жасаған.

Бұл жайттан соң ювеналды полиция деректер жинап, қамқоршылық органдары Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық сотқа арыз түсірген.

Сәрсенбі күні сот әйелді ата-ана құқығынан айыруға шешім шығарды. Төрт баласы қамқоршылық органдарының қамқорлығына беріледі. Бұдан бөлек, қайырымсыз ана балаларына алимент төлеуге міндеттелді.

Жаңалықтар
0