АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Екі апта бұрын туған қызын өртегенін мойындаған 34 жастағы Қарағанды тұрғынын қалған екі баласына ата-ана құқығынан айырмақшы.
Қорғаншылық және қамқоршылық органдары айтып өткендей, үш жасар үлкен қызына ата-ана құқығынан айыру үшін полиция әйел адамды бұрыннан бері іздеп жүр екен. Анасы қызын бөбектер үйінде тастап, бірде-бір рет көруге келмепті.
Тұрғылықты тұратын жері жоқ әйел қаладан кетіп қалады да, 2014 жылы екінші қызы – қаза тапқан Эвелинаны дүниеге әкеледі, бір жылдан соң өмірге ұл бала келеді.
"Ол үлкен қызын көруге бірде-бір рет келген жоқ. Сол себепті ата-ана құқығынан айыру үшін әйелді жан-жақты іздестірдік. Полиция оның Қарағанды аумағында жоқ екенін айтқан болатын", — деді Қарағанды қаласы білім беру бөлімі қорғаншылық және қамқоршылық секторының меңгерушісі Айгүл Исахова.