Оқиға

Қарағандыда әйел қызының денесін өртегендігін мойындады

© Sputnik / Вячеслав Реутов / Медиабанкке өтуТүрмеде отырған әйел
Түрмеде отырған әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелді жан түршіктірерлік қылмысқа ненің итермелегенін тергеу жарияламай отыр

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Қарағандыда әйел полицияға өз қызын пеште өртеп жібергенін мойындады, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 

Тергеудің болжамынша, осы жылғы қаңтарда ер адам бірге тұратын әйелінің екі жасар қызымен Үштөбе аулынан бір шақырымдай қашықтықта далада келе жатқан. Қыз ер адамға ілесе алмай, қалып қоя береді. Сол кезде ол баланы далаға тастап, үйіне кетіп қалады. Болжам бойынша, ер адам мас болған. Таңертең ерлі-зайыптылар айығып, қызды іздеуге барады. Сөйтіп, оның өлі денесін тауып алады. Ол түнде үсіп қалған екен. Ерлі-зайыптылар қыздың денесін көмбей, өртеп жіберуді шешкен. 

Жанып тұрған шырпы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ата-анасы үсіп қалған қызының денесін өртеп жіберген

Істің мән-жайы қаза тапқан қыздың анасы полицияға кінәсін мойындап келгеннен кейін белгілі болды. "Көрінеу кәмелеттік жасқа толмаған адамды өлтіру" бабы бойынша соқта дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

"Өздерінің кәмелеттік жасқа толмаған, 2013 жылы туылған қызын тастап кеткен болатын. Суықтап ажал тапқан. Содан кейін күдіктілер баланың мәйітін тапқаннан кейін пешке өртеп жіберген", — деп хабарлады  Қарағанды облыстық прокурорлар басқармасының аға прокуроры Шыңғыс Нұрдәулетов. 33 жастағы ана мен 37 жастағы ер адам қамауға алынды. 

Осы тергеу кезінде анықталған жайттар, яғни деректер, егер қандай да бір мемлекеттік органдар тарапынан құқық бұзушылықтар анықталса, тексеру жүргізіледі. Тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылады. 33 жастағы ана мен 37 жастағы өгей әке әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардаң санатында. Сөйте тұра, 10 ай бойы дәрігерден тиісті екпелер алуға келмей, кенет жоқ болып кеткен бүлдіршінді ақ халаттылар іздеп, тиісті органдарға хабарламағаны көпке беймәлім болып отыр. Прокурорлар бұл жағдайды бақылауға алды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасады.  

"Былтырғы ақпан айынан бері қызды көрмей кеттім. Қайда деп сұраған кезде анда-мында, кейде туған әкесінде деп сылтаурататын. Шындығында, осылай болып шықты. Мүмкін, күйеуінен қорыққан шығар. Өйткені күйеуі оны үнемі ұрып-соғатын. Алғашқы күйеуінен туған екі баласын да сабайтын. Әжей іштей күдіктенген соң, полицияға шағымданғанын айтады", — деді отбасылық танысы, Қарағанды қаласының тұрғыны Галина Грущенко.


Жаңалықтар
0