АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ, дейді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, валюта нарығындағы жағдай тұрақталды.
"Мұнай бағасы және сауда әріптес елдердегі айырбастау бағамдары секілді сыртқы факторлар қолайлы болып қалуда. Теңгенің айырбастау бағамы іргелі факторлардың динамикасына сәйкес. Бұл бәсекеге қабілеттіліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Нарықта дисбаланс байқалмайды", — деп атап өтті Ақышев мәжілістің жалпы отырысында.
Айтуынша, жыл басымен салыстырғанда теңге бағамы өзгерген жоқ деп айтуға болады.
"Теңгенің әлсіреуі 0,1 пайыз номиналдық көрсеткішті құрады. Жыл басында бағам бір доллар үшін 333. 29 теңге болса, қазір 333.53 теңгені құрайды", — деді ол.
Оның сөзіне қарағанда, жыл басынан бері ұлттық банктің халықаралық резервтері 10,2 пайызға ұлғайып, 32,5 миллиард АҚШ долларына жеткен.
Ал Ұлттық қордың валюталық активтері 56,8 миллиард АҚШ долларына тең. Резервтердің жалпы сомасы 89 миллирад АҚШ долларын немесе ішкі жалпы өнімнің 60 пайызын құрады.
"Ақша нарығында артық өтімділік жағдайы сақталуда. Бұл ретте ақша нарығындағы ахуалды икемді басқаруға құралдарымыз жеткілікті. Олар қажеттілік туындаса, өтімділікті толықтыруға да мүмкіндік береді", — деді Ақышев.
Бұдан бөлек, депозит нарығында долларсыздандыру процесі жалғасып жатыр. Шетел валютасындағы депозиттердің үлесі жыл басынан 55 пайыздан 50 пайызға дейін төмендеген.
"Теңгедегі депозиттердің ұлғаюы алты пайызды құраса, валютадағы депозиттер көлемі он пайызға төмендеді", — деді