Экономика

Доллар - 340 теңге: теңге бағамы неге төмендеп жатыр?

© Sputnik / Айгюзель КадирВалюта айырбастау пункті
Валюта айырбастау пункті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экономист Арман Байғановтың пікірінше, теңгенің әлсіреуі саяси себептермен байланысты

АСТАНА, 5 қыркүйек — Sputnik. Экономист Арман Байғанов, теңгенің әлсіреуі астарында үлкен саясат жатқанына сенімді. Бүгін KASE күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша қазақстандық ұлттық валютаның бағамы долларға шаққанда 340,3 теңгеге дейін өсіп, кешеден бергі көрсеткіштен бірден 2,08 теңгеге ұлғайды. Экономисттің пікірінше, теңгенің бағамына еліміздің негізгі сауда серіктестерінің бірі – Ресей валютасының ықпалы болып отыр. 

"Негізгі фактор — рубльдің теңгеге ықпалы болып табылады. Қазіргі уақытта саяси себептерге байланысты рубльдің әлсіреуі байқалуда. КХДР болған ядролық жарылыстан (су бомбасын сынау — авт.) және Дональд Трамптың, КХДР тығыз байланыста болатын мемлекеттермен (бірінші кезекте сауда саласы бойынша осы режимді қолдайтындар)  өзара қарым-қатынастың бұзылатыны жайлы айтқанынан кейін де жағдай ушығады", — деді эксперт.

Сонымен қатар, экономисттің пікірінше, біздің валютаға әсер еткен бір ғана себеп бұл емес.  

Тиындар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сабырлық: Сүлейменов теңгенің тұрақтылығын қалай бағалау керек екенін айтты

"Теңгенің бағамына әсер еткен екінші фактор, ресейлік дипломатиялық өкілдіктерінің аясында Америкадағы орын алған жанжал болып табылады. Кеше рубльге шаққандағы доллардың бағамы 0,6% төмендеді. Ал, біздің валюта 2 теңгеге өсті, ол тіпті 3 теңгеге дейін түсуі де мүмкін еді. Кросс-бағамы біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында төмендеп отыр", — деді Байғанов.

"Меніңше бүгін-ертең мұнай бойынша мәліметтер белгілі болады. Егер ол қалыпты болса, теңге мен рубльді қолдау пайда болады. Әр сәрсенбіде американдық энергетикалық агенттіктің мұнай өнімдері тауарлары қоры жөніндегі мәліметтері жарияланады. Мұнай қоры "Харви" дауылы салдарынан қысқаруы мүмкін. Теңге бағамы долларға шаққанда 340 теңге болып сақталуы мүмкін. Егер ҚХДР айналасындағы  Ресей мен АҚШ қарым-қатынасы жақсаратын болса, рубль бағамы қайтадан тұрақтайды", —деп түсіндірді экономист.

Алайда, Арман Байғанов келесі аптаға белгіленген болжамды айтуға асықпады. Жұма күні АҚШ бұрғылау қондырғыларының саны бойынша жаңа мәліметтер жарық көреді. Рубль мен теңгенің бағамы осыған байланысты болады.  

Бұған дейін белгілі болғандай, Ұлттық экономика министрлігі 2018-2022 жылғы доллардың бағамын 340 теңге деп белгілеген болатын. 



Жаңалықтар
0