АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев Қазақстан футбол федерациясындағы қызметінен босатылды.
"Айсұлтан Назарбаев берілген арызға сәйкес "Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының" вице-президенті қызметінен босатылды", — деп хабарлайды федерация сайты.
Ол осы жылы 28 ақпанда вице-президент міндетін орындаушы лауазымын иеленген еді.