Экономика

Алдағы үш жылда Ұлттық қордан қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдан бастап ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін транферт мөлшері 2 триллион теңгеден аспауы тиіс

АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Мәжілісте "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018-2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Парламент - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР парламенті Ұлттық қордан трансферт және республикалық бюджет туралы заң жобаларын қарастыруда

Өткен жылы Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы қабылданған болатын. Оған сәйкес 2020 жылға дейін ұлттық қордан бюджетке берілетін қаржының көлемін азайту мақсаты тұр. 2020 жылдан бастап трансферт мөлшері мөлшері 2 триллион теңгеден аспауы тиіс.

"Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт 2018 жылы 2 триллион 600 миллиард теңге,  2019 жылы 2 триллин 300 миллиард теңге, 2020 жылы 2 триллион теңге көлемінде айқындалды", — деді бүгін мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов. 

"2018-2020 жылдарға жоспарланған кепілдендірілген тансферттің мөлшері Ұлттық қордағы төмендемейтін қаражат қалдығы бойынша шектеудің орындалуын қамтамасыз етеді", — деп қосты ол.

Жаңалықтар
0