Өңірлер

Жұртты мұнай компаниясына жұмысқа тұрғызамын деп алдаған алаяқ әйел ұсталды

CC0 / / Мұнай
Мұнай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам жұртты алдап, бір жарым миллион теңгеден астам ақша тапқан

АСТАНА, 18 қазан — Sputnik. Өзбекстан тумасы, мұнай компанияларына жұмысқа тұрғызамын деп жұртты алдап жүрген әйел Маңғыстауда ұсталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда ер адам жұртты жер алып беремін деп алдаған

Көрші елден келген 30 жастағы келіншек 20-ға жуық адамды жұмысқа тұрғызуға уәде беріп, жеме-жемге келгенде бәрін тақырға отырғызған. Таңқаларлығы жай аспаз немесе құрылысшы болу үшін кейбірі 650 мың теңгеге дейін санап бере салған. Соған қарағанда мұнай компанияларында осы қызмет түрлерінің жалақылары өте жоғары болуы керек. 

Айта кетерлігі, елді жұмыспен жарылқауға сөз берген келіншектің өзі өңірдегі бірде бір мұнай өңдейтін компанияда еңбек етпейтін әрі бұрын да істемеген болып шықты. Екі қолға бір күрек іздегендерді тақырға отырғызған күдікті өзінің жасаған қылмысын толық мойындап отыр. Енді ол 2 жылға сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0