Саясат

Сарапшы: Бішкек Астанаға бәрін таза парақтан бастауды ұсынатын болады

© AFP 2024 / Vyacheslav OseledkoҚырғызстан туын ұстап тұрған ер адам
Қырғызстан туын ұстап тұрған ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саясаттанушылар Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Алмазбек Атамбаевтың қалаған сыртқы саясаттағы бағытын жалғастыратына сенімді

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Орталық Азиядағы 2017 жылдың ең маңызды оқиғасы – Қырғызстандағы президент сайлауы бейбіт түрде аяқталды. Сайлау барысында билік тарапынан ұсынылған үміткер Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті. Оған қарсылас болған оппозициялық тараптың үміткері Өмірбек Бабанов өзінің жеңілісін мойындап, жақтастарына арандатушылыққа жол бермеді.   

ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Саясат
ҚР СІМ: Жээнбеков көршілік қарым-қатынас орнатуға жауапкершілікпен қарайды

Қырғызстандағы президент сайлауына дайындық қарқынды өтті. Мемлекет басшылығына 13 адам үміткер болды. Алайда олардың ішінде екі үміткер бас тартып, олардың аты-жөндері сайлау бюллетендерінің сызылды.

Бұл жарыстың көшбасшылары Сооронбай Жээнбеков пен Өмірбек Бабанов болды. Олардың арасындағы сайлау алды бәсекелестігі даулы болды. 

Бұл жағдайда қазіргі президент Атамбаевтың Қазақстан мемлекетін Бабановты астыртын қолдай отыра, Қырғызстанның ішкі саясатына араласуға қатысты тағылған айыптары отқа май құя түсті. Соның салдарынан екі мемлекет арасында жарияланбаған көрінбес транзиттік шайқас басталып, шекарада кептеліс пайда болды. 

Қырғызстанның сыртқы саясат векторында түбегейлі өзгерістер орнамауы мүмкін. 

Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Саясат
Жээнбеков өзінің Назарбаевқа деген көзқарасы туралы айтып берді
Жээнбековтің сайлау алды кампаниясы Атамбаев курсын сақтап, оны одан ары жалғастыруға негізделген болатын. Алайда, қазіргі таңда орын алған жағдайға байланысты, бұл ретте біраз проблемалар туындауы да мүмкін. Жаңа президент Қазақстанмен арадағы қарым-қатынасты таза парақтан бастауға тиісті болады. 

Жаңалықтар
0