Саясат

ҚР СІМ: Жээнбеков көршілік қарым-қатынас орнатуға жауапкершілікпен қарайды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ ғимараты
ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық СІМ, Астана қырғыз халқының таңдауына құрметпен қарайтынын жеткізді

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстандағы президент сайлауының қорытындысына қатысты мәлімдеме жасады.

Ол, Қазақстан 15 қазан күні Қырғызстанда өткен президент сайлауының қорытындысын қалыпты деп бағалайтынын атап өтті. Астана қырғыз халқының нақты үміткердің үлесіне қарай жасаған ерікті таңдауына құрметпен қарайды.

"Біз жаңадан сайланған президенттің ҚР президентіне және басқа да көршілес мемлекеттердің басшыларына құрметпен қарайтынына зор сенім білдіріп отырмыз. Бұл Қырғызстан Республикасының жаңадан сайланған президенті өздеріне көршілес мемлекеттермен қарым-қатынас орнату барысында жауапкершілікпен қарайтынын көрсетеді", — деді Әбдірахманов тілшілерге.
Қазақстан алдағы уақытта да Қырғызстан мемлекетімен сенім серіктестік құруға ұмтылады, деп сөзін түйді СІМ басшысы.

Жаңалықтар
0