Әлем

Солтүстік Корея: ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуСолтүстік Корея
Солтүстік Корея - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Корея ядролық қаруға тыйым салуды қолдайтынын, бірақ АҚШ-тан соң ғана бас тартатынын мәлімдеді

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Солтүстік Кореяның БҰҰ-дағы ресми өкілі ядролық қарудан не үшін бас тартқылары келмейтінін түсіндіріп, КХДР мен АҚШ арасында ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Пуккыксон-2 - Sputnik Қазақстан
Әлем
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын сәтті жүзеге асырды

КХДР БҰҰ тұрақты өкілінің орынбасары Ким Ин Рен БҰҰ Бас Ассамблеясындағы комитет отырысында сөйлеген сөзінде шілде айында қабылданған Ядролық қаруға толығымен тыйым салу туралы Конвенцияның қолдайтынын білдіріп, сонымен бірге бұл құжатты АҚШ-тың қабылдамағанын атап өтті.

"КХДР ядролық қаруды толығымен жоюды және бүкіл әлемді ядролық қарудан арылуына ат салысуды қолдайды. Алайда КХДР қауіп төндіріп, бопсалап отырған АҚШ елі ядролық қаруға тыйым салу туралы келісімді мойындамайынша, Солтүстік Корея келісімге қосылмайды", — жеп мәлімдеді Ким Ин Рен. 

"Әлемдегі ешбір ел АҚШ тарапынан тікелей ядролық қауіпке ұшыраған емес. Корея түбегіндегі ахуал шарықтау шегіне жетті – ядролық соғыс кез келген сәтте басталуы мүмкін", — деп атап өтті Пхеньян өкілі.

Жаңалықтар
0