Әлем

Солтүстік Корея баллистикалық зымыран сынағын сәтті жүзеге асырды

© REUTERS "Пуккыксон-2"
Пуккыксон-2 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сынақ нәтижелері мемлекет басшысының көңілінен шығып, ол жаппай өндірісті бастауға тапсырма берді

АСТАНА, 22 мамыр — Sputnik. Солтүстік Корея орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыран сынағын сәтті түрде жүзеге асырғанын мәлімдеді, деп жазады РИА Новости Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

баллистикалық зымыран ұшыру - Sputnik Қазақстан
Әлем
Солтүстік Корея баллистикалық зымыран қозғалтқышын сынақтан өткізді

КХДР мемлекетінің басшысы Ким Чен Ын ядролық оқтұмсықпен әсер етіп, маневр жасай алатын, бастапқы бағытын өзгерту мүмкіндігі бар "Пуккыксон-2" зымыранының ұшырылуын бақылады.

Ол сынаққа "100-ден 100 ұпай" деген баға берді, деп хабарлайды NHK телекомпаниясы.

"Тезірек жаппай өндірісті бастап, әскерді жарақтандыруға тиіспіз", — деді Ким Чен Ын.

Жаңалықтар
0