Оқиға

ІІД: қолында балтасы бар қылмыскер Kaspi Bank-тен 23 млн теңге ұрлаған

CC0 / Anja Osenberg / Полиция қызметкері
Полиция қызметкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметі Шымкенттегі бөлімшесін тонауға қатысты мәліметтер берді

АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Шымкенттегі Kaspi Bank бөлімшесін тонауға бір адам қатысқан. Ол қомақты қаржыны қолды қылды, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы полиция қызметі.

Мекеме тарапынан берілген мәліметке сәйкес, банктің "дабыл тетігі" жұма күні сағат 19.40 кезінде іске қосылады. Полицейлер оқиға орнына келіп жеткенде, қылмыскер ізін суытып үлгереді.

Ақша, тапанша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Белгісіз біреулер Шымкенттегі Kaspi Bank филиалын тонады

Банк қызметкерлерінің айтуынша, бетінде бетпердесі бар белгісіз біреу ғимаратқа басып келіп, жарылғышқа ұқсас затты еденге тастайды. Зат түтіндей бастаған кезде, ол қолындағы балтамен қорқытып, ақша беруді талап етеді.

Болған жағдайға байланысты ҚР ҚК 192-бабының 4-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдікті адамды ұстауға қатысты барлық шараларды жүзеге асырып жатыр. 
Жаңалықтар
0