Саясат

ҚР ҰҚК Қырғызстан шекарасындағы тексеруді күшейту себептерін түсіндірді

© Sputnik / Владимир Пирогов / Медиабанкке өтуҚазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу-бақылау пунктіндегі адамдардың кезегі
Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу-бақылау пунктіндегі адамдардың кезегі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жолаушылар ағымы, жүк және көлік құралдарының кептелісі орын алды

АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Қазақстан-Қырғызстан шекарасында жоспарлы шекаралық шаралар жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

"ҰҚК Шекаралық қызметі мемлекеттік шекараның барлық периметрі бойынша, оның ішінде Қазақстан-Қырғызстан шекарасы бөлігінде жоспарлы шекаралық шаралар жүргізіліп жатыр", — делінген бұл хабарламада. 

Бұл шараның басты мақсаты шекаралық аумақтарда заңға қайшы әрекеттерді болдырмау, лаңкестік әрекеттерге қатысы бар адамдарды анықтау, контрабандалық және басқа да қылмыстық әрекеттердің алдын алу, шекаралық тәртіпті және миграциялық заңнаманы сақтау болып табылады. Осыған орай, шекарадан өтетін адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарларды тексеру күшейді. 

Полиция қызметкері, кісен - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР ІІМ: Қырғызстан азаматтарына қатысты арнайы операциялар жүргізілген жоқ

"Бұл ретте шекарадан өтуге қатысты қандай да бір шектеулер мен тыйым салулар болған жоқ. ҰҚК Шекаралық қызмет әскерилерінің әрекеттері заң жүзінде орындалуда, қазақстандық немесе шетелдік азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірілген жоқ", — деді мекеме өкілдері. 

Бұған дейін белгілі болғандай, Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі 10 қазан күні сағат 18:00 бастап, қазақ-қырғыз шекарасында көліктер мен адамдарды өткізу іргелес мемлекет тарапынан күшейтілген түрде орындалып жатқанын мәлімдеді. 

10 қазан күні сағат 20:00 бастап, Қырғызстан Республикасы елдегі президент сайлауына дайындық және оны өткізу шараларына қатысты шекара қызметі күшейтілген режимдегі жұмыс кестесіне ауысқан. Алайда, қалыптасқан шараларға қарамастан, қырғыз елі тарапынан шекаралық бақылаудан өтуге қатысты шектеулер қойылмаған. 

 

Жаңалықтар
0