АСТАНА, 11 қазан – Sputnik. Ішкі істер органдары Қырғызстан азаматтарына қатысты ешқандай арнайы шаралар өткізіп жатқан жоқ, деп хабарлады ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Алмас Садубаев.
Оның берген ақпараты бойынша 4 қазаннан бастап, Қазақстан территориясында "Нелегал-2017" жедел-профилактикалық шаралары жүргізіліп жатыр.
11 қазанға сәйкес мәліметтер бойынша елде жүру ережелерін бұзған 11,8 мың адам, оның ішінде 720 азамат алыс шетелден, 11 мыңнан астам ТМД елдерінің азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. олардың 1,6 мыңы елден шығарылды.
"Ішкі істер органдары тарапынан Қырғызстан азаматтарына қатысты ешқандай арнайы операциялар жүргізіліп жатқан жоқ", — деп нақтылады Садубаев.
Шетелдік жұмыс күшін тарту және оны пайдалануға қатысты 420 қазақстандық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.