АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек Ресейдің Владимир облысында пойыз бен автобус соқтығысқан жол апатына қатысты мәлімдеме жасады.
"Біздің білуімізше, ол (автобус — ред.) Ресей заңнамасына сәйкес елге кірген. Ресейлік көлік бақылау органдарының автобусқа қатысты ешқандай шағымы болмаған, яғни ол шекаралық бақылаудан, Ресейдің көлік инспекциясының бақылауынан өткен. Ешқандай шағым болмады", — деді Қасымбек, автобустың Ресей территориясында болуының заңдылығы туралы сұраққа жауап беру барысында.